Алматы маңында жер сілкінді

/
Алматы маңында жер сілкінді
istockphoto.com

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44-те тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 2,9 болды.

ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0-ге жеткен. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеген.

Еске салайық, 5 қаңтар күні Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Ол кездегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары