Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты екінші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары қашықтан білім алатынын хабарлады.
Бұған дейін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, 12 қаңтар күні елордада қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерді құбылмалы әрі боранды ауа райы кезінде аса сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.