Атырауда зейнеткер көлікпен мейрамхана ғимаратына соғылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
70 жастағы жүргізуші Hyundai Creta көлігін масаң күйде басқарған.
"Оқиға күндізгі уақытта болды. Жол апаты салдарынан мекеменің қасбеті бүлінген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - дейді полиция.
Зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.