Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынды

/
Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынды
istockphoto

Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынды.

Тиісті ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған. 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 10 қаңтардан бері іздестірілуде. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша басқа ақпарат жарияланбады.

Айта кетейік, блогердің Instagram-да 2,6 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан астам оқырманы бар. Ол контентінің көпшілігін өзге елдерде жүріп жариялайды. Қайсар Қамза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ отандық фильмдерге де түскен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістандағы сапары кезінде түсірілген видеолары қызу талқыға түскен еді. Кадрларда блогердің бейәдеп сөздер айтқаны және жергілікті тұрғындарға дөрекілік көрсеткені байқалып, пікірталас тудырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары