Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды

/
Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Видеодан скриншот

Қызылордалық полицейлер бір күнде екі көлікті ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді. Қаскөйдің Сырдария ауданының тұрғыны екені анықталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны дүкен жанында көлігін оталдырған күйі қалдырып, аз уақытқа сыртқа шығып кеткен. Қаскөй осы сәтті тиімді пайдаланған. Иесі қайтып оралғанда көлігінің жоқ екенін байқап, бірден полицияға жүгінген.

Полиция жедел әрекет етті. Ұрлық туралы барлық патрульдік экипажға хабар беріліп, бейнебақылау камералары арқылы көліктің қала сыртына бағыт алғаны анықталды. Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тас жолда тоқтатып, 22 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның сол күні тағы бір автокөлікті ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Көлікті оталдырған күйде қараусыз қалдырмаңыздар. Бұл құқық бұзушылар үшін ыңғайлы сәтке айналуы мүмкін, — деп ескертті полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары