16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру жөніндегі қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға бірінші сыныпты заңгер (әділет капитаны) шені берілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығына сәйкес, ол «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, бұған дейін Дана Сәрсенбай кәсібилігі және соттарда мемлекеттік айыптау позициясын жоғары деңгейде қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік айыптаушысы деп танылған болатын.