Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты-2 ауылындағы жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, жедел штаб құрылды, аумақ қоршалып, электр желісі ажыратылды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жалынның таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.