Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады
istockphoto

10 қаңтар күні Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Маңғыстау облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысында көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Күндіз орталық бөлігінде желдің екпіні 15–18 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с болады. 

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с. Шымкентте және Түркістанда тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. 

Абай облысының солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын болжанады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының батысында және орталығында күндіз көктайғақ болады. Солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысында 10–11 қаңтар күндері солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 10 қаңтарда таулы аудандарда, 11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары