«Атыраулық хакер» атанған жігіт сұхбат берді (ВИДЕО)

/
«Атыраулық хакер» атанған жігіт сұхбат берді (ВИДЕО)
Сурет ЖИ көмегімен жасалған.

Атырау облысындағы елді дүрліктірген оқиға кезінде жоғалған азаматтар жайында тың ақпараттарды өз бетінше анықтап, әлеуметтік желіге жариялаған "Атыраулық хакер" өзі жайында ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онымен Қабырбай есімді атыраулық блогер әңгімелескен. 

"Есімім - Нұрлан. Мұны бәрі біледі. Мен ешқашан жеке суреттерімді интернетке салмаймын. Бірақ істеген жұмыстарым мен аккаунтым арқылы мені біраз адам біледі деп ойлаймын. Атырауға қарасты Құрманғазы ауданының тумасы боламын. "Хаккер Атырау" аккаунтын инстаграм арқылы жүргіземін. Тақырыбым ІТ саласы, шолулар және ақпараттық қауіпсіздік. Анықтау мен зерттеу бағыттарында видеолар түсіріп жүрмін. Бала күнімнен техника мен технологияға жақын өскенмін. Қазірігі бағдарламалар жұмыс істегенге дейін түрлі саланың дәмін татып көрдім. Жүктасушы, такси да болдым. Кейін өз қызығушылығымның арқасында іздене бастадым, Мәскеуге барып білімімді жетілдірдім. Бірақ маған оқу орындарына қарағанда өзімнің ізденісім көбірек пайдасын тигізді. Бұл салада 2019 жылдан бері келе жатырмын. Ең алғашқы тапсырмам атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру үшін қарымта жасалға кибер шабуыл болды", - деді қабілетімен елге танылып үлгерген Нұрлан есімді азамат.

Айта кетейік, "Атыраулық хакер" аталған өңірде бірнеше айдан бері табылмай келген отбасының жоғалуына әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деген болжам айтқан еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары