Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

/
Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза тапты
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысындағы Көшім ауылында тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

7 қаңтарда сағат 20:11-де төтенше қызметтерге Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Ақпаратты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті растады.

Құтқарушылар келген сәтте өрт үйдің шатырын және тұрғындардың заттарын шарпыған. Өрт аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар жеткенге дейін полиция қызметкерлері үйден екі адамның мәйітін тауып, оларды жанып жатқан ғимараттан сыртқа шығарған.

Оқиға бойынша өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің шығу себептері мен болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары