Жетісу облысында жол жабылды

/
Жетісу облысында жол жабылды
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 9 қаңтар сағат 12:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан – Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары