«Кино тарихында үлкен із қалдырды»: Ақан Сатаев Мұрат Бисембин туралы жазба жариялады

/
«Кино тарихында үлкен із қалдырды»: Ақан Сатаев Мұрат Бисембин туралы жазба жариялады
коллаж: turkystan.kz

Танымал режиссер, продюсер Ақан Сатаев 8 қаңтарда өмірден өткен актер Мұрат Бисембин туралы жазба жаряилады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін біз қазақстандық кино тарихында үлкен із қалдырған тұлға — Мұрат Бисембинді терең қайғы мен алғыс айтып, еске аламыз.

Өнерге қосқан үлесіңіз, адалдығыңыз және халық жүрегінде қалдырған ізіңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздің бейнеңіз кадрларда және соңғы титрлардан кейінгі үнсіздікте мәңгі өмір сүреді. Мәңгілік жадымызда», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мұрат Бисембин Ақан Сатаевтың режиссерлығымен түсірілген «Рэкетир» фильмінде бас рөл сомдаған болатын.

Еске сала кетейік, Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келген болатын. 2024 жылғы күзде оның диагнозы белгілі болып, жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Былтыр желтоқсанның соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дейін отбасы оның жағдайы тұрақсыз екенін айтқан еді.

Кейінгі бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары