Талдықорған қаласында 32 жастағы Айзат Жуманованың өліміне қатысты сотта жарыссөз өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурор марқұмның күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айзат Жұманова маусым айында Баласаз ауылында қаза тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, Айбар Жанболат мас күйінде болып, қызғаныштан әйелін қатты ұрған.
«Жанболат медициналық көмек көрсетпеді және бірнеше сағаттан кейін ғана Айзатты ауруханаға жеткізді, бұл ауыр қылмысты жасыруға тырысқанын көрсетеді», — делінген айыптау актісінде.