«Үндеуім оған қатысты емес»: Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарға қолдау білдірді

/
«Үндеуім оған қатысты емес»: Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарға қолдау білдірді
коллаж: turkystan.kz

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов бұған дейін айналасында медиаға шығып, өзгеріп кеткен, үш дүркін Олимпиада чемпионы құсап, жұлдыз ауруымен ауырып жүрген спортшылардың көп екенін айтып, оларға өз орнын білсін деп үндеу тастаған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көпшілік оны ММА шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтарға жолданған деп ойлап, желіде екеуін «түйістіріп» қойған болатын. Алайда Еркебұлан Тоқтар ол үндеудің өзіне қатысы жоғын, Даниярмен жақсы дос екенін айтып жеткізген болатын. Бүгін Даниярдың өзі Еркебұланға қолдау білдіріп, видеожазба жариялады.

«Ассалаумағалейкум баршаңызға! Соңғы сұрақтарға байланысты, «Еркебұлан, саған болмайды. Ұят болады ғой» деп жатқандарға айтарым…

Еркебұланның да деңгейін түсірмеңіздер. Ол өте медиаға жақын жігіт. Қазір медиа заманы ғой. Бірақ мен Еркебұланмен рингке шығамын, “ұйымдастырыңдар” деп отырған жоқпын. Егер Джошуа мен Джейк Пол арасындағыдай (қазір көпшілік солай жасап жатыр) форматтағы жекпе-жек болса, ондайды біздің елде де ұйымдастыруға болады.

Мен Еркебұланды жақсы танимын. Оны танысым, досым, інім деп айта аламын. Бұған дейінгі үндеуім оған қатысты емес еді. Ол “мен медиадамын, сондықтан гонорарды көбірек алуым керек” деген адамға арналды. Оның атын атамаймын. Кім екенін өздеріңіз де түсінген шығарсыздар.

Ал Еркебұлан өте тура мінезді жігіт», – деді боксшы Instagram парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары