Жетісу облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

/
Жетісу облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды
istockphoto

Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Жайпақ ауылының маңында адамдар қар құрсауында қалып қойғаны туралы 112 нөміріне хабар түсті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті.

Олар қарға батып қалған бір жеңіл автокөлікті анықтады. Көліктің ішінде 4 адам болған, оның біреуі — бала. Құтқарушылар көлікті қауіпсіз жерге шығарып, адамдарды аман алып қалды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеріп, жолда қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары