Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың бұрын-соңды жарияланбаған суреттері жарық көрді

/
Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың бұрын-соңды жарияланбаған суреттері жарық көрді
Фото: Шоқантанушы Бақыт Садықова

Әлеуметтік желіде Түркі әлемі тарихында айрықша орны бар Мұстафа Шоқай мен оның жары Мария Шоқайға тиесілі бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған фотосуреттер тарады. Сирек кездесетін бұл кадрлар жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, саясаткер әулетінің қолында сақталған түпнұсқаға жақын 70-ке жуық сурет бұған дейін Астанадағы Ұлттық музей қорына өткізілген. Құнды мұраны музейге Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заирова табыстаған. Ал отбасылық альбомды ұзақ жылдар бойы шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова сақтап келген.

Жаңа жарияланған фотосуреттерді қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері ұлттық жады үшін маңызды дерек көзі деп бағалауда. Олардың пікірінше, бұл бейнелер тарихи тұлғаның өмірі мен болмысын тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары фотосуреттерге ерекше ықылас танытып, кейіпкерлердің келбеті мен мәдениетіне назар аударуда.

Желіде «Қандай сәнді киінген», «Алаш азаматтарының жарқын бейнесі көпке таныла берсін», «Өте құнды суреттер», «Қазақтың қара домалақ баласының білімділігі мен зиялылығы айқын көрінеді» деген сынды жылы пікірлер көптеп жазылуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары