Жамбылда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарып қалды

/
Жамбылда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарып қалды
polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері арнайы есепте тұрған азаматтармен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жамбыл ауданында өткізілген осындай кезекті аралау барысында полицейлер  қайғылы жағдайдың алдын алып, бір адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Учаскелік инспекторлар есепте тұрған азаматтарды тексеру кезінде тұрғын үйдің бірінен ер адамды аса ауыр жағдайда тапты. Ол жатын бөлмеде жылыту құбырына асылып, өмірмен қоштаспақ болған.

Полиция қызметкерлері тез арада ішке кіріп, кәсіби үйлесімді әрекеттерімен ер адамды босатып алды. Сондай-ақ, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен азамат жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі таңда оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ер адамның туыстары өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Олардың кәсібилігі, жеделдігі мен жағдайға немқұрайлы қарамағаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

Полиция қызметкерлерімен түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету бағытында арнайы есепте тұрған тұлғалармен жұмыс күн сайын жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары