«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2026 жылғы 7 қаңтарда Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.