Батыс Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау объектілері салынды

/
Батыс Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау объектілері салынды
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау объектілері іске қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.

Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданының Алакөл елді мекеніне кентішілік су құбырының құрылысы аяқталды.Салынған су құбырының жалпы ұзындығы 4 километрді құрайды. Атқарылған жұмыстардың арқасында 779 ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді.

Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле, Қарақамыс елді мекендеріне ұзындығы 64 шақырым жаңа тармақты төсеу арқылы сумен жабдықтаудың магистральдық жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Аталған жобаны іске асыру тағы 9 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл олардың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.

Аталған жобаны іске асыру қадағалау органының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары