32 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана алматылық клубтан келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Сантана «Қайрат» клубына 2024 жылғы маусымда қосылып, осы уақыт ішінде Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен «Ақтөбеге» қарсы жеңісті матчта ол бір гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Алайда келесі ойында шабуылшы ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін қатардан шығып қалды.
«Қайрат» сапында Сантана жалпы 31 матч өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
«Қайрат» ФК Элдерге клуб жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейді!", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін 32 жастағы қақпашы Александр Заруцкий да келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Қайрат" сапынан кеткен еді.