ШҚО-да ер адам бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген

/
ШҚО-да ер адам бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген
Видеодан скриншот

Өскеменде бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді 41 жастағы күдікті 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Телеарна мәліметінше, пәтерде дәрет сындырған итті иесі осылай жазаламақ болған. Тіпті биіктен құлап, қан-жоса болған иттің соңынан пышақ ала жүгіріпті. Мұны көрген көршілері араша түсіп, лабрадор тұқымдас итті ветеринария клиникасына жеткізген. Бірақ үй жануары ауыр жарақаттан аман қалмады. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Жануарларға қатігездік фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүргізілуде", - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Қарлығаш Жусупова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары