Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

Бүгін, 6 қаңтар күні Астана қаласында және Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар мен боран күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Орал қаласында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі, түнде облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар мен боран соғып, түнде қалың қар жауады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда боран мен көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран және көктайғақ болады, жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Өскеменде түнде қар жауып, жолдарда көктайғақ байқалады.

Абай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Семейде де осындай жағдай сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде қар мен боран күтіледі, Жезқазғанда тұман байқалады.

Қызылорда облысында тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл облысында 6-7 қаңтар аралығында тұман мен көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман болжанады.

Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей өңірлерде 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Солтүстік, Шығыс және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында 6-7 қаңтарда тұман түседі.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға, ауа райы ескертулерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары