Қазақстандық боксшылар жаңа маусымға дайындықты бастады

/
Қазақстандық боксшылар жаңа маусымға дайындықты бастады
Оlympic.kz

Қазақстанның ерлер құрамасының боксшылары жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Былғары қолғап шеберлері жаңа маусымға дайындықты Түркістан облысындағы оқу-жаттығу базасында өткізуде.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу жиынына 50 спортшы қатысуда.

"Еліміздің барлық өңірінен жиналған боксшылар физикалық және функционалдық дайындықтарын арттырумен қатар, жалпы жаттығу көлемін жинақтауға басымдық береді. Сондай-ақ спортшылар төзімділікті арттырып, жаңа маусымда өтетін алдағы жарыстарға қажетті базаны қалыптастырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары