Елорда әуежайында 40-қа жуық рейс кешігіп жатыр

/
Елорда әуежайында 40-қа жуық рейс кешігіп жатыр
Фото: Air Astana

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі рейстердің кешігуі жалғасып жатқанын хабарлады.

Ұшып келетін 23 рейс және ұшып кетуге тиісті 16 рейс кешікті.

"Ұшып кету кешігуі ұшақтардың ұшу пункттерінен кеш келуіне байланысты болып отыр. Астана әуежайындағы барлық қызмет қалыпты жұмыс істеп жатыр және рейстерге уақтылы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп жатыр", - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі рейс туралы өзекті ақпаратты білу үшін әуе компаниясының өкілдерімен байланысуды ұсынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары