ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 04 қаңтар сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
Республикалық маңызы бар «Подстепное—Федоровка—РФ шекарасы (Ақсай б/п)» 0-36 шақырым аралығында (Подстепное ауылынан Федоровка ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 04 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.