Астанада көлік жөндеу орталығы аумағындa өрт шықты

/
Астанада көлік жөндеу орталығы аумағындa өрт шықты
istockphoto

Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында ірі өрт тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, гараж үлгісіндегі ангар ішінде автокөлік бөлшектері, ағаш сөрелер мен жеңіл көлік отқа оранған. Өрт қысқа уақытта ұлғайып, құтқарушылар оқиға орнына жоғары шақырту деңгейі бойынша жұмылдырылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мәліметінше, тілсіз жау 120 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған, ал 112 желісіне жарақат алғандар туралы хабар түспеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары