ТЖМ тікұшағы жаңа туған сәбиді шұғыл түрде Атырауға жеткізді

/
ТЖМ тікұшағы жаңа туған сәбиді шұғыл түрде Атырауға жеткізді
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп Атырау – Құрманғазы – Атырау бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа туған нәрестеге жедел әрі мамандандырылған медициналық көмек қажет болуына байланысты әуе арқылы тасымалдау дереу ұйымдастырылды. Сәби анасының қатысуымен жеткізілді.

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде рейс сәтті аяқталды. Нәресте анасымен бірге әрі қарай ем қабылдау үшін медициналық мекемеге тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары