Мемлекетке қайтарылған жерлер қалай үлестірілді

/
Мемлекетке қайтарылған жерлер қалай үлестірілді
istockphoto

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер қалай үлестірілгенін жариялады.

Соңғы төрт жылдың ішінде барлығы 14,3 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын. Атап айтқанда:

2022 жылы – 5,4 млн гектар;

2023 жылы – 4,6 млн гектар:

2024 жылы – 2,2 млн гектар;

2025 жылдың басынан бері – 2,1 млн гектар мемлекетке өтті.

Соның басым бөлігі – жайылымдық жерлер ( 12,5 млн гектар).

Бұл алқаптарда 16,1 мың шаруашылықта мал болмаған немесе жайылымға түсетін жүктеменің төмендігі анықталған.

2022 жылдан бері мемлекетке қайтарылған жерлердің 7,7 млн гектары қайта бөлінді. Олар:

2,7 млн гектар – мал жаю үшін ортақ пайдалануға;

5 млн гектар – конкурстық негізде.

Сонымен қатар, жер пайдаланушылар 4,6 млн гектар алқапта жерлерін тиімді пайдалануға кірісті.

"Президенттің жолдауында белгіленген тағы 7,5 млн гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Әкімдіктерге бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажеттіліктерін және ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтардың мүдделерін ескеру тапсырылды", - дейді министрлік мамандары

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары