Алматыда жеке үйден өрт шықты

/
Алматыда жеке үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Алатау ауданындағы екі қабатты жеке үйде түнде өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Алматы қаласының өрт сөндірушілері Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында шыққан өртті сөндірген.

"Оқиға орнына келген соң екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры және шатыр астында жиналған макулатураның өртеніп жатқаны анықталды. Өрт оқпандары дереу іске қосылды, өртті толық жою және оның одан ары таралуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. ТЖМ күштері өртті толық сөндірді.

Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің көрші үйге жайылуына жол берілмеді. Өрт 280 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары