Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 02 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы
«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Атырау облысы шекарасы).
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (ЭКО ойл жқс – Қарабұтақ ауылы)
Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-257 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ембі қаласы. – Шалқар қаласы.)
«РФ шекарасы (Жайсан ӨП) - Ақтөбе (солтүстік айналма жолы) - Қызылорда» автожолының 0-39 шақырым аралығы (Мартөк (0 км жолайрығы) - Хромтау (39 км жолайрығы) учаскесі).
Атырау облысы
«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы-Сағыз ауылы).
Жолды 2026 жылғы 03 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.