Құтқарушылар Абай облысында трассадан 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолаушылары бар автобус Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылы маңындағы «Зайсан – Өскемен» тасжолындағы блокбекетте тоқтаған.
Автобуста болған 35 адам, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырылды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.