Бибісара Асаубаеваның анасы қызына жүрекжарды тілегін айтты

/
Бибісара Асаубаеваның анасы қызына жүрекжарды тілегін айтты
Әлеуметтік желіден

Бибісара Асаубаеваның анасы Хакім Лиана блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған қызы Бибісара Асаубаеваға арнап жүрекжарды жазба арнады, деп жазады turkystan.kz.

"Менің қызым үш дүркін әлем чемпионы!

Бүгін тарих қайта жазылды!

Бүгін шахмат әлемі қызымның ақылының, күшінің қайтпас қайсарлығының алдында бас иді. Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды. Үш мәрте. Үш титул. Үш мәрте бәрінен үздік. Бұл жай ғана жеңіс емес. Бұл бар әлем жұртыының аузындағы жеңіс!

Қажырлы еңбек - дарыннан да маңызды.

Ал сенім қорқыныштан күшті. Ерік-жігер бәрін жеңеді", - деп жазды ол.

Хаким Лиана бұл қызы үшін тек бастамасы ғана екенін және ол жаңа буынның символына айналғанын да айта кетті.

"Сен - жаңа буын символысың. Ақылды, ешкімнің алдында бас имейтіндер ұрпағысың. Ережелерді өзгертетін, рұқсат сұрамай өзінікін алатындардың өкілісің. Сенің есімің шахмат тарихында мәңгі қалады.

Мен, сенің анаң сенімен шексіз мақтанамын. Бүкіл әлем бүгін саған қол соғып отыр! Ал мен бұл тек бастамасы екенін білемін. Бұл сенің ұлы жолыңның бастауы ғана!", - деп жзады ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары