Ұлытау облысында жолдағы қауіпсіздік күшейтілді

/
Ұлытау облысында жолдағы қауіпсіздік күшейтілді
polisia.kz

Ұлытау облысында жол қауіпсіздігі күшейтілген режимде қамтамасыз етілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеше түнгі сағат 22:00-ден бастап Ұлытау облысының аумағында ауа райының күрт қолайсыздануына байланысты барлық бағыттағы автожолдар уақытша жабылды. Қалың жауын-шашын мен көктайғақ жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіріп, көліктердің қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты Ұлытау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимге көшіп, тәулік бойы қызмет атқаруда. Полиция қызметкерлері жолда қалып қойған жолаушыларға жедел көмек көрсетіп, ыстық шай ұйымдастырып, олардың қауіпсіз әрі жылы жағдайда болуын қамтамасыз етті.

Мұндай қолдау шаралары тұрғындардың денсаулығы мен өміріне төнуі мүмкін қауіптердің алдын алуға бағытталды. Бүгін сағат 13:00-ден бастап ауа райының жақсаруына орай полиция қызметкерлері 100-ден астам автокөлікті ілестіріп, белгіленген бағыттар бойынша қауіпсіз аймақтарға дейін жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруда.

Полиция барлық көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға, жылдамдықты асырмауға, ауа райы жағдайын ескеруге және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары