Тас жолдардың жабылуына байланысты 13 пойыз іске қосылды

/
Тас жолдардың жабылуына байланысты 13 пойыз іске қосылды
ҚТЖ

Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 13 қала маңындағы пойызды тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жолаушыларды тасымалдау үшін төмендегі қала маңындағы пойыздар қатынайды:

Астана – Павлодар бағыты бойынша:

 • №7502 Астана – Павлодар

 • №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты бойынша:

 • №7501 Павлодар – Астана

 • №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:

 • №6804 Атбасар – Астана

 • №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты бойынша:

 • №7515 Астана – Курорт Бурабай

 • №6830 Көкшетау – Астана

 • №7508 Көкшетау – Астана

 • №7516 Курорт Бурабай – Астана

Астана – Қарағанды бағыты бойынша:

 • №6858 Астана – Қарағанды

 • №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты бойынша:

 • №7553 Қарағанды – Астана

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. ҚТЖ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары