Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады

/
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады
istockphoto

Астанада бүгін жаңбыр жауды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғаққа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды, деп хабарлайды turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды: көшеде жүргенде, әсіресе жолдан өту кезінде мұқият болып, таймайтын аяқ киім киіп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.

«Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады», - деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары