Алматыда ірі көлемдегі есірткі сату арнасы анықталды

/
Алматыда ірі көлемдегі есірткі сату арнасы анықталды
polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері каннабис тобына жататын есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тінту барысында шамамен 3 келі гашиш және 2,5 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 – Аталған операция полиция бөлімшелерінің үйлесімді және нәтижелі жұмысының айқын көрінісі. Біз заңсыз есірткі айналымын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Бұл – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеті, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы мен ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары