Ердоған өлім жазасын "тірілтуге" ниетті

Ердоған өлім жазасын "тірілтуге" ниетті

Ердоған өлім жазасын "тірілтуге" ниетті
ашық дереккөзі
284
Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоған елде өлім жазасын қайтару мәселесі көпшіліктің талқысына түсетінін мәлім етті. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Стамбұлда өзіне қошемет білдірген халық алдында сөз сөйлеген Ердоған премьер-министр Бинали Йылдырыммен және ұлтшыл оппозиция көшбасшысымен өлім жазасын қайтару мәселесін «дереу» талқылайтынын мәлім етті. Мұндай қадам Түркияның Еуропалық одаққа ену туралы келіссөздерінің оң нәтижесіз қалатынын білдіреді. Еске сала кетейік, кеше, 16 сәуір күні өткен референдумда Түркия конституциясының 18-бабына өзгерістер енгізу қажет пе деген мәселе қаралды. Халық өзгерістерді құптаған жағдайда премьер-министрдің қызметі қысқарып,  президент вице-президенттер мен министрлерді, жоғары лауазымды шенеуніктерді өз еркімен тағайындай алады. Одан бөлек, президент төтенше жағдай жариялау және парламенттің басым даусымен ғана күші жойылатын жарлықтарды шығару құқығына ие болады. Ресми деректерге сәйкес, бюллетеньдердің 98 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша, дауыс берушілердің 51,3 пайызы өзгерістерді енгізуді құптаған, ал 48,59 пайызы қарсы дауыс берген.     

Серіктес жаңалықтары