29 желтоқсан күні сағат 02.30-да күн райының қолайсыздығына байланысты тиісті органдар 2 облыста республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады.
Бөлісу:
Фото: Абай облысы ПД
Ақтөбе облысы
«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 5-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін);
Қостанай облысы
«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-310 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасынан Адаевка ауылына дейін) жабық.
Жолды 29 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.