Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады
istockphoto

Бүгін, 29 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман мен көктайғақ болады. Осыған байланысты синоптиктер барынша абай болуға кеңес берді.

Тұман түсетін жерлер:

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі;

Тараз қаласы;

Абай облысының оңтүстігі мен шығысы;

Жетісу облысының батысы, шығысы, орталығы мен таулы аудандары;

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысы;

Атырау облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы;

Түркістан облысының таулы аудандары;

Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі мен орталығы;

Алматы облысының солтүстігін оңтүстігі мен таулы аудандары;

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы;

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі;

Орал қаласы.

Сондай-ақ, аталған облыстарда жел де күшейді. Ал Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы мен Қызылорда облыстарында тұманмен бірге көктайғақ болады.

Қар, бұрқасын мен көктайғақ болатын облыстар:

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігі;

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі;

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысы;

Қарағанды облысының оңтүстігі;

Жезқазған қаласы;

Ақмола облысының батысы мен солтүстігі;

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, батысымен нда, солтүстігі;

Ақтөбе қаласы (көктайғақ).

Осы облыстарда да жел күшейеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары