2025 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер

/
2025 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер
istockphoto

Ұлттық статистика бюросы Sputnik Қазақстанға 2025 жылы жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдерінің тізімін ұсынды. Көп қойылған есімдер қатарында бұрыннан танымал, сонымен қатар жаңа есімдер де бар.

Ұл балалар

Ең көп қойылған есімнің бірі - Мұхаммед. Бұл есім 2520 балаға қойылды. Араб есімі мұсылман әлемінде өте танымал және ол исламның негізін қалаушы - Мұхаммед пайғамбардың құрметіне беріледі.

Үштіктің ішінде Әлихан және Айсұлтан қалып отыр. Әлихан есімі 2321 балаға, ал Айсұлтан есімі 2299 балаға қойылған.

Ең көп қойылатын есімдер қатарында Омар, Алдияр, Алан, Мұхаммад, Әмір, Хамза және Әли бар. Бұл есімдер өткен жылы да көп қойылған.

Мұхаммед - 2520

Әлихан - 2321

Айсұлтан - 2299

Омар - 2217

Алдияр - 2123

Алан - 2087

Мұхаммад - 2035

Әмір - 1923

Хамза - 1672

Әли - 1556

Әлтайыр - 1518

Айбар - 1390

Нұрислам - 1328

Әлинұр - 1276

Ислам - 1192

2025 жылдың тізімінде жаңа есімдер де бар, олар - Әлтайыр, Айбар, Нұрислам, Әлинұр және Ислам.

Қыздар

Былтыр Айлин есімі көш бастаған еді, биыл да көптеген қызға осы есім берілген. 2025 жылы Айлин есімді 5280 қыз дүниеге келді.

Одан кейін Асылым (4289) және Медина (3936). Бұл есімдер де тұрақты үздік үштіктің қатарында қалып отыр.

2025 жылы көп қойылған есімдер тізіміне Айша, Томирис, Мәриям, Сафия, Аяла, Әдия, Айым, Раяна, Әмина, Хадиша, Зере және Хадия есімдері кіреді.

Айлин - 5280

Асылым - 4289

Медина - 3936

Айша - 3297

Томирис - 2941

Мәриям - 2596

Сафия - 2569

Аяла - 2446

Адия - 2359

Айым - 2258

Раяна - 1919

Әмина - 1853

Хадиша -1697

Зере - 1689

Хадия - 1617

Тізімге жаңа енген есімдер - Әдия, Әмина, Зере, Хадиша және Хадия.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары