Франциялық актриса Брижит Бардо 92 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды ВВС.
Оның қазасы туралы Брижит Бардо қоры хабарлады.

Брижит Бардо 1934 жылы 28 қыркүйекте Франция астанасында дүниеге келген. Кинодағы жолы 1950 жылдардың басында басталды. Араға 6 жыл салып түскен «И Бог создал женщину» фильмі актрисаның жұлдызын жақты. Актрисаның ең танымал туындыларының қатарында «Презрение» (1963), «Вива, Мария!» (1965), «Бабетта идет на войну» (1959), «Ох уж эта девчонка!» (1956) и «Истина» (1960) фильмдері бар.
Бардо кинодағы мансабын шамамен 50 жыл бұрын аяқтап, содан бері өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады.