Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласып жатыр

/
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласып жатыр
Фото: ҚР ҰҚК

Абай облысының полицейлерді азаматтарды алаяқтардың жаңа қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда алаяқтар халыққа банк қызметкері ретінде емес, құқық қорғау органының өкілі болып жиі қоңырау шалуға көшкен.

– Олардың тәсілдері әр түрлі. Мысалы, сіздің жеке деректеріңіздің ұрланғанын, атыңызға несие рәсімделіп жатқанын және осыған байланысты іздеуде екеніңізді айтып, қорқыта бастайды. Алаяқтар сенімге кіру үшін банкке бармауды, қолма-қол ақшаңызды тез арада «сақтандыру» қажеттігін,банктен арнайы уәкілетті адам келіп, ақшаңызды уақытша алып кететінін айтады. Олар бұл ақшаны «декларациялап, қауіпсіз шотқа орналастырамыз» деп сендіреді. Осылайша, азамат қолма-қол ақшасынан айырылып қалады, - делінген ақпаратта.

Екінші қадам – қаскөйлер бұған дейін алаяқтың құрбаны болған адамдарға хабарласады. 

– Оларға айырылып қалған ақшаларын қайтарып алуға көмектесетінін, алаяқты тапқанын айтады. Оның үйіне барып, ақшаны алып келіп, оны сақтандыру мақсатында қауіпсіз шотқа аудару керектігін ескертеді. Осылайша бір азамат ақшасынан айырылса, екінші азамат өзінің алаяқтық схемада «дроппер» болғанын аңғармай қалады. Соның салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - делінген хабарламада. 

Ведомство дерегінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан азаматтардан қолма-қол ақша талап етпейді. Еш уақытта «сақтандыру» немесе «декларациялау» үшін ақшаны алып кетпейді. 

– Бейтаныс адамдарға ақша бермеңіз және жеке деректеріңізді хабарламаңыз. Күдік тудыратын қоңыраулар түскен жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгініңіз. Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз және алаяқтарға алданбаңыз, - деп ескертті полицейлер. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары