ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 23:20-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан – Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.