Алматыда метро пойызынан түтін шықты

/
Алматыда метро пойызынан түтін шықты
istockphoto

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер Алматы метрополитенінің "Абай" станциясына шақыртылған.

"Алматы төтенше жағдайлар департаментіне метрополитен диспетчерінен 112 басқару пультіне "Абай" метро станциясында қысқа тұйықталу болғаны туралы қоңырау түсті", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ашық жанып жатқан от таппады.

Алматы метросында машинист пойызды уақытында тоқтатып, жолаушыларды түсіргенін, ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

"Пойыз тексеру жүргізу үшін депоға жіберілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Компьютерлік диагностика жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға діттеген жеріне жетуге көмектесу үшін метро қызметкерлері қосалқы пойызды іске қосты.

Пойыз қозғалысы 15 минут ішінде қалпына келтірілді, қазір метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жалпы Алматы метрополитенінде бір желі және 11 станция бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары