Алматыда жүргізуші жағымсыз иісі үшін егде жастағы әйелді автобустан шығарып жіберді

/
Алматыда жүргізуші жағымсыз иісі үшін егде жастағы әйелді автобустан шығарып жіберді

Оқиға қаладағы №118 бағыттағы автобуста болған, деп хабарлайды turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бір сәтте автобустың ішінде қатты зәрдің иісі сезіле бастады. Алғашында мән бермедім, иіс сырттан кіріп жатыр деп ойладым. Алайда біраз уақыттан кейін басқа жолаушылар да иіске шағымдана бастады. Жағымсыз иістің бір әжейден шығып жатқаны анықталды”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Жүргізуші жолаушылардың шағымдары мен өтінішін ескере отырып, әжейді аялдамалардың бірінде түсіріп кетуге мәжбүр болған.

"Жолаушылар тасымалы ережелерінің белгіленген нормаларына сәйкес, егер жолаушының салонда болуы айналасындағыларға айқын қолайсыздық туғызса немесе санитарлық талаптарды бұзса, жүргізуші мұндай жағдайға әрекет етуге міндетті. Аталған оқиғада да жолаушылардан бірнеше рет шағым түскеннен кейін осындай шешім қабылданды. Жүргізуші сыпайы әрі дұрыс әрекет етті, жүргізуші тарапынан ешқандай заңбұзушылық болған жоқ", – деп жауап берді автопарк өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары