Ғалымдар опа-далаптың бедеулікке шалдықтыратынын анықтады

Британдық ғалымдар косметиканың зияны туралы айтты. Ұлыбритания ғалымдары жас қыздарға косметиканың барлығы бірдей пайдалы емес екенін ескертті деп хабарлайды oinet.kz

Кейбір косметикалық құралдардың құрамында әйелдердің денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық қосылыстар бар.  Зерттеушілердің деректері бойынша, косметикалық құралдардың құрамына енетін мұндай заттар әйелдерді бедеулікке алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, ғалымдар өздерінің қорытындыларын барлық қыз-келіншектердің косметикадан бас тартуына берілген кеңес ретінде қарамауын ескертті. Ол тек қыз-келіншектерге өз денсаулықтарының қауіпсіздігі үшін косметиканы сатып алар кезінде оның құрамындағы химиялық қосылыстарға ерекше назар аударуға кеңес береді.

Back to top button