Яна Легкодимованы өлтіріп сотталғандар апелляциялық арыз берді

/
Яна Легкодимованы өлтіріп сотталғандар апелляциялық арыз берді

Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары алдын ала апелляциялық шағым берді, өйткені қылмыстық істер бойынша үкім жарияланған сәттен бастап 15 күн мерзім қарастырылған, яғни 17 қарашадан бастап. Үкім мәтінімен толық танысқаннан кейін қорғау тарапы шағымды толықтырып, өз уәждерін егжей-тегжейлі баяндауға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда тек алдын ала апелляциялық шағым ғана бар», – деді жәбірленуші тараптың өкілі.

Ажар Әбділдің айтуынша, қорғау тарапының негізгі уәжі – өмір бойына тағайындалған жазаны жеңілдету туралы өтініш.

«Маған белгілі болғандай, апелляциялық шағымда қорғау тарапы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыруды сұрап отыр», – деп түсіндірді ол.

17 қарашада Атырау соты 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимовты аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары