Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды

/
Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды
istockphoto.com

Ақмола облысы мен Қарағанды облысында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 13:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).

Жолды 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары