Атырауда ер адам қызғаныштан әйелін оқтаумен ұрып өлтірген

/
Атырауда ер адам қызғаныштан әйелін оқтаумен ұрып өлтірген
Әлеуметтік желіден

Атырауда әйелін оқтаумен басынан бірнеше рет ұрып өлтірген 41 жастағы адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kazinform.

Үкімді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тыныштық Нуримова оқыды.

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі «Адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бойынша кінәлі деп танылды. 

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Жаза өтеу мерзімі 2025 жылдың 19 тамызынан есептеледі. Уақытша ұстау изоляторында отырған әр күні жазасын өтеу кезінде 1,5 күн болып есептеледі.

Айыпталушы соңғы сөзінде марқұмның ата-анасынан, жақындарынан және туған 2 қызынан кешірім сұрады. Бұл іске қатты өкінетінін жеткізді.

Оқиға осы жылдың 19 тамызында болған. Ерлі-зайыпты ішімдік ішіп, кейін жанжалдасқан. Ер адам әйеліне қызғаныш сезімін білдіріп, ас үйдегі оқтаумен аяусыз ұрып тастаған. 40 жастағы келіншек есін жимастан қайтыс болды. Осы жағдай кезінде отбасыдағы кішкентай 2 қыз жатын бөлмеде ұйықтап жатқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары