«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 08:00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында барлық көлік түрі үшін «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393-шақырым аралығында (Жымпиты кенті – Барбастау кенті) қозғалыс жанданды.
Қозғалысқа шектеу
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Алматы облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-67-шақырымы (ақылы учаске – Қонаев қаласы);
• «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 24-136-шақырымы (ақылы учаске – Шелек ауылы).
Жолдар шамамен 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11:00-де ашылады.